Ж. Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесінде сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ж.Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының ХІІІ-кеңесінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан судьялары мен жоғарғы соттарының төрағалары, сонымен қатар бақылаушы елдердің, диалог бойынша серіктестердің, Хатшылықтың, ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Атқару комитетінің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директоратының өкілдері де қатысты.

  Қазақстандық делегация құрамына еліміздің жоғарғы сот органының судьясы Лариса Шепелева, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов пен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бірқатар жауапты қызметкерлері кірді.

Ж.Асанов өзінің алғы сөзінде халықаралық қауымдастық ШЫҰ-ны аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін ең беделді құрылымдардың бірі ретінде мойындайтынына ерекше көңіл бөлді. Ол кездесудің белгіленген күн тәртібі сот практикасының мәселелері бойынша өзара іс-қимылға бағытталған «шанхайлық рухқа» - толықтай сәйкес келетінін және маңызды тәжірибелік мәні барын атап өтті.

Ж.Асанов Қазақстанның сот-құқық жүйесі туралы айта келе, отандық сот жүйесінде орын алып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыруға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Ол қазақстандық делегацияның ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің озық практикасын зерделеуге мүдделі екендігін жеткізді.

ХІІІ-кеңестің қатысушылары ШЫҰ шеңберінде сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, сот қызметін ақпараттандыру, «ақылды соттарды» салу, террористік зорлық-зомбылық, есірткі тасымалы, ақшаның ізін жасыру және басқа да қылмыстармен күресуде трансшекаралық сот ынтымақтастығы мен құқық қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты. Сот төрелігі саласындағы ШЫҰ-ның ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру және тауарларды халықаралық алып-сату шарттары, сондай-ақ қылмыстық процесте жол берілмейтін дәлелдемелерді алып тастау бойынша сот практикасы мен құқықтық нормалар қаралды. Форумда Л.Шепелева заңсыз жолмен алынған дәлелдемелерді алып тастау мәселелеріне қатысты сот практикасы және заңнама туралы, М.Таймерденов трансшекаралық сот даулары туралы баяндама жасады.

ХІІІ-кеңес қатысушылары жұмыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша талқылаудың негізгі нәтижелерін қамтитын ортақ мәлімдеме қабылдады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының келесі ХІV-кеңесін 2019 жылы Ресейде өткізу туралы шешім қабылданды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі