Архив событий

23/05/2018

Көкшетауда судья-медиатор моральдық зиян мен материалдық залалды өтеу сомасын өндіру туралы дауда тараптарды татуластырды

23/05/2018

Көкшетау қалалық сотында судья-медиатор моральдық зиянды, материалдық залалды және тұрақсыздық айыбын өтеу сомасын өндіру туралы дауда тараптарды - «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ мен жеке кәсіпкерді татуластырды.

Сотта, А. жеке кәсіпкердің дүкенінен тиісті емес сападағы тон көкрекше сатып алғаны анықталды. Осыған орай, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ А.-ның мүддесінде оның құқықтарын қорғау туралы кәсіпкерге талап қоюмен сотқа жүгінді.

Атырау облыстық соты мен Білім беру басқармасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/05/2018

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов өңірдің Білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласында дауларды шешудің соттан тыс және балама тәсілдерін енгізу мәселелерін талқылады.

Ата-аналар сот медиациясы арқылы баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы келісімге келді

23/05/2018

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С. Ж.-ға 2012 жылы туған кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызбен жүгінді.

С. өзінің талап арызында Ж.-мен бірге болған некеден екі кәмелетке толмаған ұлдары бар екенін және сол балаларды асырау үшін алимент өндірілгенін көрсеткен. Кіші ұлы жарты жылдан астам уақыт онымен бірге тұрады. Осыған байланысты соттан кіші ұлының тұрғылықты мекен-жайын онымен бірге анықтауды сұрады.