Архив событий

15/05/2018

Жоғарғы Сотта «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігінің сапасын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

15/05/2018

Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді.

Форум Еуропалық Одақтың және Еуропа Кеңесінің қолдауымен сот жүйесін жетілдіруге бағытталған «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. 

Жоғарғы Сот Төрағасы елордалық МАЭС-те медиация кабинетін ашты

15/05/2018

Жақып Асанов елордадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ашылған медиация кабинетінің жұмысымен танысты. Кабинет «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде жабдықталған. Осы жобаға сәйкес соттарда татуластыру рәсімдерімен айналысатын судьялар анықталған.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов пен Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қатысты.

Маңғыстау облыстық сотында банк пен серіктестік арасындағы дау бітімгершілік келісіммен аяқталды

15/05/2018

Даудың басы 2013 жылы банктің ЖСШ-дан 122 289 442 теңге қарыз сомасын және мемлекеттік баж салығын төлеуге жұмсалған  3 668 683 теңге шығын сомасын өндіру туралы сотқа жазған талап арызынан басталған еді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толықтай қанағаттандырған. Алайда, арада қанша уақыт өтсе де, сот шешімі орындалмаған.