Архив событий

16/05/2018

АХҚО сотының судьясы Руперт Джексон Қазақстан Жоғарғы Сотындағы әріптестерінің алдында дәріс оқыды

16/05/2018

Жоғарғы Сотта жоғарғы сот органы судьяларының АХҚО судьяларымен жоспарланған кездесулер циклінің екінші дәрісі өтті. Дәріс барысында Руперт Джексон мырза азаматтық сот ісін жүргізу реформасы мен АХҚО сотының қызметі туралы айтты.

Р.Джексон кездесуді аша келе, Қазақстанның сот жүйесі өзге елдермен салыстырғанда жылдам әрі шығыны аздау екенін атап өтті.

Атырау облысы Кәсіподақтар орталығында медиация кабинеті ашылды

16/05/2018

Атырау облыстық соты мен Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы арасында жасалған меморандум шеңберінде Кәсіподақтар орталығы ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Ашылу салтанатына облыстық сот судьясы Гүлмира Исамберлиева, өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Саламат Елеманов, кәсіби медиаторлар Рысты Қалиева, Гүлбаршын Марданова, Марина Мұхтарова  қатысты.

Өскеменде МАЭС-тің фронт-офисі таныстырылды

16/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың фронт-офисін таныстырды.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар, сотқа келушілер, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық соты еңбек дауын медиация арқылы татуластырды

16/05/2018

Павлодар қалалық соты жеке тұлғаның еңбек шартын бұзу және 400 000 теңге еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы дара кәсіпкерге қатысты талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымын қарай отыра, тараптардың татуласуға құқығын түсіндірді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тараптармен дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісім ресімделіп, оған қол қойылды.