Батыс Қазақстан облыстық соты

Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Ғ. Бапақов БҚО Жәнібек ауданының Құрметті азаматы болды

18/11/2019

Батыс Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің ардагері Ғалымхан Бапақовпен кездесу өтті.

Ғ.Бапақов – Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы, "Құрметті судья", "Үш би" және "Судьялар Одағының Құрметті мүшесі" атақтарының иегері. "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, мерейтойлық медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Батыс қазақстан облыстық сотында фронт-офис ашылды

22/10/2019

Батыс Қазақстан облыстық соты толығымен «OpenSpace» азаматтарға кедергісіз  қызмет көрсету қағидатына көшті.

Фронт-офисті салтанатты ашу рәсімін облыстық соттың төрағасы Бек Әметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Ақмырзаев өткізді.

Батыс Қазақстан облысының «отбасылық соттары» 300 отбасыны сақтап қалды

13/09/2019

Батыс Қазақстан облысының соттары 2019 жылдың 8 айында 1 842 неке бұзу дауларын медиация тәртібімен реттеу туралы 300 келісімді бекітті. Ювенальды соттың судьялары балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы 31 және баламен қарым - қатынас тәртібін анықтау туралы 17 дауды медиация тәртібімен реттеді. Жалпы өңір бойынша «отбасылық соттар» жұмысының арқасында 300 отбасыны ажырастырмай сақтап қалудың сәті түсті.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Аметов жоғары оқу орындарының студенттеріне дәріс оқыды

08/04/2019

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Бек Аметов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.

Б.Аметов «Сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Жастарды сот жүйесінде, тұтастай сот құрылысы мен сот ісін жүргізуде өткізіліп жатқан тың өзгерістер туралы  жастарға таныстыру мақсатында өткізілген іс-шараға шамамен 900-дей адам қатысты.

Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілдерін таңдауда

13/02/2019

Батыс Қазақстан облысының соттары ағымдағы жыл басынан бері татуласу рәсімдерін қолдану арқылы 170 азаматтық істі тоқтатты. Жүздесіп сөйлесу мен ымыраға келу дауласушылардың өзара тиімді шешім қабылдауына көмектесті. Өңір соттарында келіссөз жасау нәтижесінде 25 татуласу келісімдері, 144 – медиативтік және 1 дауды партисипативтік рәсім тәртібімен  реттеу туралы келісім жасалды.

Семейде билер кеңесі құрылды

13/02/2019

Шығыс-Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен Елдос Жұмақсанов қала әкімі және демалысқа кеткен судьялармен кездесу өткізді. 

Кездесу мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, судьялар және білім беру саласында еңбек етіп жүрген өкілдердің қатысуымен өтті. 

Орал: «түнгі сот» өзінің тиімділігін көрсетті

11/02/2019

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған әкімшілік сотында «түнгі сот» жобасының енгізілуіне байланысты жалпы тәртіппен қаралатын әкімшілік істердің саны азайды, яғни судьялардың жүктемесі де кеміді. Мұның өзі күрделі істердің қаралу сапасының артуына ықпал етті.

Сот 18 сағаттан 22 сағатқа дейін негізінен азаматтар үшін жұмыс істейді. Осыған орай күні бойғы жоспарды бұзып, жұмыстан сұранудың да, басы артық алаңдаудың да қажеті жоқ. Бұған қоса, істер бұрынғы 72 күннің орнына 3 күннің ішінде қысқа мерзімде қаралады.

Беттер