Архив событий

05/05/2018

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті оқырмандар!

05/05/2018

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.

Ж.Асанов сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін алдағы мерекелерімен құттықтады

05/05/2018

Жоғарғы Сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, сондай-ақ жоғарғы сот органының Департамент қызметкерлері қатысты.

Медиативтік келісім жасауға байланысты жауапкер көрсетілген көлік қызметі үшін қарызды өтеуге міндеттеме алды

05/05/2018

Дара кәсіпкер ЖШС-ден қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

2017 жылы тараптар арасында көлік құралын жалға алу туралы шарт жасалған. Талап қоюшы шартқа сәйкес 2017 жылғы мамыр айынан желтоқсанға дейін 8 миллион теңгеге қызмет көрсеткен. Банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзіндіге сәйкес жауапкердің берешегі 2018 жылдың 30 қаңтарында 4 миллион теңгені құраған.

Жоғарғы Сотта азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібін оңтайландыру жоспарлануда

05/05/2018

«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы бойынша сот жүйесін  жетілдіру жұмысы шеңберінде ағымдағы жылдың басында жақын уақытта шешілуі мүмкін басымдыққа ие мәселелердің тізбесі анықталған болатын. Осының негізінде «2018 жылы жедел түрде қол жеткізетін нәтижелер» атты жұмыс жоспары жасалды. Ол Жоғарғы Сот сайтында орналастырылған, сілтемесі: http://sud.gov.kz/rus/priority-projects – 2018 жылдың жедел нәтижелері) құрылған. Оған 37 тақырып енген.

Орал қаласында апелляциялық алқа тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатты

05/05/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Зеленов аудандық сотының үкімімен 23 000 теңгені ұрлағаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азамат П-ға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.