Архив событий

17/05/2018

Сот төрелігі академиясы мен Жария құқық жөніндегі еуропалық ұйым Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

17/05/2018

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин Жария құқық жөніндегі еуропалық ұйымның директоры Спиридон Флогаитиспен кездесті.

Кездесуге Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Нәзиля Раззақ та қатысты.  

Баламалы тәсілдер арқылы дауларды шешу мүмкіндіктерін арттыру – күн тәртібіндегі басымдықтардың бірі

17/05/2018

Жоғарғы Соттың бейнебайланыс арқылы өткен кеңесте  «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасының шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі – татуласу деңгейін арттыру мәселелері қаралды. 

Қостанай облыстық соты сотталғанды ақтап, оны қамаудан босатты

17/05/2018

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.-ға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеумен 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.

Сот Ш.-ны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен сату мақсатында аса ірі мөлшерде есiрткi заттарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін айыпты деп таныды.

Ақмола облыстық соты «Латын графикасындағы мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өткізді

17/05/2018

Ақмола облыстық соты өңірдің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, «Латын графикасындағы мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өткізді, оның жұмысына онлайн режимде аудандық және оларға теңестірілген соттар қатысты.

Семинарда облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ филология кафедрасының оқытушылары, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары, оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және судьялар сөз сөйледі.

Тараз бен Ақтөбеде Қазақстандағы сотталғандардың осал топтарының сот төрелігіне қолжетімділігі мәселелерін талқылады

17/05/2018

Тараз бен Ақтөбеде Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы PRI жобасы аясында «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: сотталғандардың осал санаттарының сот төрелігіне қолжетімділігін жақсарту мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының əлеуетін арттыру» семинарлар өтті.

Іс-шараларда адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар, азаматтық қоғам мен сот жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту сұрақтары, сонымен қатар бас бостандығынан айыру және шектеу орындарындағы осал топтардың сот төрелігіне қолжетімділігі сұрақтары талқыланды.