Архив событий

14/05/2018

Ж. Асанов елорданың Сарыарқа аудандық сотындағы жаңа фронт-офиспен танысты

14/05/2018

«Сот төрелігінің жеті түйінінің» бір тармағы «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша процестерді жетілдіру мақсатында Сарыарқа аудандық соты пилоттық сот болып белгіленді. Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов соттың жаңа фронт-офисімен танысты. 

Ж.Асанов пен Т.Донақов бірқатар өңір судьяларымен сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылады

14/05/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов пен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақов Астана қалалық сотында республикадағы бірқатар өңір судьяларымен жұмыс кеңесін өткізіп, сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылады.

Маңғыстау облыстық соты «Фортебанк» АҚ филиалымен және өңірлік нотариаттық палатасымен меморандумға қол қойды

14/05/2018

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, өңірлік нотариаттық палатасының төрағасы Рахат Төребаева және «Фортебанк» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, екінші деңгейлі банктер қауымдастығының төрағасы Аббат Урисбаев Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Орал қалалық сотындағы татуласу кабинеті өз тиімділігін көрсетуде

14/05/2018

Орал қаласының №2 соты ғимаратындағы татуласу кабинетінің 5 жұмыс күнінде татуластырушы-судьяға 31 азаматтық іс келіп түсті. Екі күннің ішінде 9 іс бойынша медиативтік келісім бекітілді, олардың 7-еуі неке бұзу, біреуі – ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау және айырылып қалған пайданы өндіру, сондай-ақ бережақ соманы өндіру туралы.

Бейтараптылық, құпиялылық, еріктілік пен тараптардың құқықтық теңдігі медиация рәсімін қолданудағы басты қағидаттары болды.

Қызылордада судья татуластыру рәсімдерін қолдану нәтижесінде ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылардың шаңырақтарын сақтап қалуға көмектесті

14/05/2018

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында бір күнде екі бірдей неке бұзу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімі бекітілді.

Екі азаматша неке бұзу туралы талап қою арыздарымен сотқа жүгінген. Арыздардың бірінде некені бұзудың басты себебі ретінде жауапкердің жұмыссыздығы, ал екіншісінде күйеуінің алкоголь өнімдерін көп мөлшерде пайдаланатындығы көрсетілген.

Істерді сот талқылауына дайындау кезеңінде судья тараптарға ортақ тіл табысып, медиация немесе татуласу келісімін жасау жөніндегі құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндірді.