Жамбыл облыстық соты

Таразда судьялар төрелік мәселелерін талқылады

06/02/2024

Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетова мен Маргарита Одинцова Жамбыл облыстық сотында өңірдің судьяларымен кездесіп, төрелік заңнамасының теориясы мен қолданылу практикасын талқылады.  

Іс-шара Жоғарғы Сот, USAID және ABA ROLI ынтымақтастығы аясында өткізілді.

Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

02/03/2020

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жамбыл облысының судьялар қауымына облыстық соттың жаңа төрағасы Ербол Ахметжановты таныстырды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.

Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Рүстем Мырзакәрім, өңір судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және адвокаттар қатысты.

Жамбыл облысының судьялары сот актілерін сапалы жасау дағдыларын үйретті

28/02/2020

Жоғарғы Сот судьялары Арыстанбек Стыбаев, Айгүл Сапарова мен Гүлжан Әлмағамбетова төрт күндік семинар-тренинг өткізді.

Жұмыс тобының құрамына Шымкент және Алматы қалаларының МАЭС судьялары Айгүл Жүсіпова мен Нұрлан Құрманғалиев кірді.

Іс-шара жаңа формат бойынша сот актілерін жасау және оларды түсіндіру, сондай-ақ сот шешімдерінің сапасын жақсарту үшін практикалық көмек көрсету және бірыңғай сот практикасын қамтамасыз ету кезінде өзіне тән қателерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

115 миллион теңгенің корпоративтік дауы татуласу арқылы реттелді

29/01/2020

ЖШС 115 248 460 теңгені, оның ішінде 20 144 460 теңге тұрақсыздық айыбын және 3 457 454 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы жауапкерге талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот талқылауы барысында корпоративтік даудың қатысушылары дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту

17/01/2020

Жамбыл облыстық сотында судьялардың, Ұлттық Банк филиалы өкілдерінің, екінші деңгейдегі банктердің, медиаторлардың, нотариустардың, адвокаттардың және заң кеңесшілерінің қатысуымен банк заемы шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша "дөңгелек үстел" өтті.

Татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын мойындай отырып

24/12/2019

Жеке кәсіпкер 10 миллион теңге берешекті, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы мен өкілдік қызметтер бойынша шығындарды өндіріп алу туралы    АҚ-ға талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді. Кәсіпкер жауапкердің өз мойнына алған шарттық міндеттемелерді тиісті түрде орындамағанын қойған талабына дәлел ретінде келтірді.

Жамбыл облыстық соты 80 жылдығын атап өтті

29/11/2019

Жамбыл облыстық сотында облыстық соттың 80 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шара кезінде сөз сөйлеген облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім 1939 жылдан бастап облыстық соттың құрылу тарихы, төрағалар мен судьялар, сондай-ақ соттың Тәуелсіз Қазақстанның сот төрелігінің қалыптасуындағы рөлі туралы айтып берді. Ол ардагерлерді және өңірдегі барлық судьялар қауымын айтулы мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтады.

Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері Тараздағы ювеналды сотқа барып қайтты

27/11/2019

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ұлыбритания Елшілігінің Қазақстандағы саяси бөлімінің басшысы мен саяси офицері Девис Джеки мен Лара Волкова болды.

Іс-шараға сондай-ақ облыс әкімдігі білім бөлімінің, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының, «Қоғамдық келісім», балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің, әділдік орталығының, АНК өкілдері, медиаторлар мен психологтар қатысты.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді

22/11/2019

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандық соттарында болып, сонда ааматтарды көшпелі қабылдау жүргізі.

Осылайша, қабылдау барысында Шу қаласының тұрғыны Х.Тулендиева облыстық соттың төрағасына немересін құжаттандыруға қатысты өтінішімен жүгінді. Өтініш иесінің айтуы бойынша қиындықтар  мұраны ресімдеу кезінде туындаған. Мойынқұм ауылының тұрғындарында сот актілерін орындау мәселелеріне қатысты сұрақтары болды.

Таразда татуластыру рәсімдерін дамыту және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы мәселелері талқыланды

21/11/2019

Жамбыл облыстық сотында «Соттан тыс, соттағы татуластыру рәсімдері», «Жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы» және «Отбасылық сот» пилоттық жобаларын іске асыру шеңберінде заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына судьялар, адвокаттар, Билер кеңесінің мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының, коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ банк ұйымдарының өкілдері қатысты.

Беттер