Архив событий

11/05/2018

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Түнгі сот» және «Соттағы татуластыру рәсімі» пилоттық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды

11/05/2018

Жоғарғы соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасын ендіру және іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков, судьялар, прокуратура, ішкі істер орандарының басшылары және адвокаттар алқасының, сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сот полиция қызметіне жала жапқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Шымкент тұрғынын ақтады

11/05/2018

Есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сатып алған, сақтаған және сатқан деген айып тағылған Шымкент тұрғыны Болат Жұмаділов қылмыстық істі қараған соттың алғашқы тыңдалымында оған сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер қызметкерлері физикалық және психикалық тұрғыдан рұқсат етілмеген әсер ету әдістерін қолданғанын мәлімдеді.   

Солтүстік Қазақстан облысында 6,5 млн. теңге өндіріп алу туралы дау татуласу келісімін жасау арқылы аяқталды

11/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық сотына азамат А. аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөліміне шарттың тармағын жарамсыз деп тану және 6 500 000 соманы өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.