Архив событий

25/05/2018

Ж. Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесінде сөз сөйледі

25/05/2018

Ж.Асанов Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының ХІІІ-кеңесінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан судьялары мен жоғарғы соттарының төрағалары, сонымен қатар бақылаушы елдердің, диалог бойынша серіктестердің, Хатшылықтың, ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Атқару комитетінің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директоратының өкілдері де қатысты.

Тараз қалалық сотында сот медиациясы кабинеті ашылды

25/05/2018

Ашылу рәсіміне азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Мадемаров, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Кабинет медиация институтын дамыту және «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын тиімді жүзеге асыру  мақсатында ашылды.

Ж.Асанов Ресей мен Қытай Жоғарғы Соттарының төрағаларымен екі жақты кездесу өткізді

25/05/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың басшылығымен қазақстандық судьялар делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары басталды.

Іс-шара Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының XIII кеңесі аясында өтуде.  

Петропавлда медиатор-судья екі ЖШС-ны татуластырды

25/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік екіншісіне қарыз сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді.

Тараптар Петропавлда құрылып жатқан объектіге арнап метал құрылымдарын әзірлеу, жасау және жеткізу бойынша мердігерлік шарт жасасқаны анықталды. Алайда, жұмыс аяқталған соң жауапкер атқарылған қызмет үшін төлемді толық көлемде жүзеге асырмаған.