Ж.Асанов Ресей мен Қытай Жоғарғы Соттарының төрағаларымен екі жақты кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың басшылығымен қазақстандық судьялар делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары басталды.

Іс-шара Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының XIII кеңесі аясында өтуде.  

Ж.Асанов ҚХР Жоғарғы Халық Сотының Төрағасы Чжоу Цян мырзамен кездесу барысында екі елдің ширек ғасырда қол жеткізген жан-жақты стратегиялық әріптестігі әлемдік қауымдастық үшін үлгі болатынын атап өтті. Ол жаңа технологияларды қолдану мәселелерін және виртуалды сот қызметін зерттеуге қызығушылық танытты. «Бірнеше жылдар бойы Қытай Халық Сотының бастамасымен сот процесін цифрландыруда ең озық тәсілдер көрсетілетін әлемдік интернет конференциялар өткізген индустрия және жаңа технологиялар саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде Қытайдың тәжірибесіне деген қызығушылығымыз зор»,- деді Ж. Асанов.

Ч.Цян, өз кезегінде, сұхбаттасын қолдай келе, «үш жамандыққа» - терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресте екі мемлекеттің ұстанымдары мен тәсілдерінің ұқсастығына көңіл бөлді. Ол қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін де атап өтті.

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы әріптесінің айрықша ықыласы  үшін алғысын білдіріп, екіжақты және көпжақты негіздегі сот төрелігінің маңызды мәселелеріне қатысты қарым-қатынасты дамыту үшін алда өткізілетін форумның маңыздылығын атап өтті.

Сапар барысында Ж.Асанов ресейлік және қытайлық әріптестерімен екіжақты кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ресей Жоғарғы Сотының Төрағасы Вячеслав Лебедевпен кездесуде тараптар достық, тату көршілік және өзара түсіністік жағдайында қалыптасқан іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Ж.Асанов Ресей Жоғарғы Сотының 95-жылдық мерейтойымен құттықтай келе, сұхбаттасын сот жүйесіндегі өткізіліп жатқан өзгерістер туралы хабардар етті.

Өз кезегінде В.Лебедев Ресейдің сот жүйесіндегі реформаның негізгі қорытындысы, электронды сот ісін жүргізу бойынша ағымдағы жобаларды іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Тараптар киберкеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сот жүктемесін оңтайландыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігін айта келе, екі елдің сот органдарының өзара іс-қимылын кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі