Архив событий

30/05/2018

Ақтөбе облысының Кәсіподақ орталығында медиация кабинеті ашылды

30/05/2018

Ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ермек Қанапиев, судьялар, Кәсіподақ орталығының өкілдері, кәсіпқой медиаторлар мен адвокаттар, нотариаттық палатаның және БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей отырып, Е.Қанапиев медиацияны дамытудың маңыздылығын және соттардың еңбек және басқа да дауларды татуласу рәсімдерін қолдана отырып шешу арқылы қоғамдағы дауласу деңгейін төмендетуді көздейтінін ерекше атап өтті.

Қызылордада татуласу рәсімдері кеңінен қолданылуда

30/05/2018

Қызылорда облыстық соты мен «Бітім» медиация орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 18 азамат медиацияны қолдану дағдысы бойынша даярлықтан өткені туралы сертификат алды. Қазіргі уақытта олар облыс соттарындағы медиаторлар кабинеттерінде және құқықтық қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетуде.

Өзінің тиімділігін Шиелі аудандық сотындағы татуласу кабинетінің қызметі көрсетіп отыр. Мұнда келіссөз жүргізуге жайлы жағдайда татуластырушы судья тараптарға медиацияның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіреді.

Маңғыстау облысында азаматтық дауда екі мемлекеттік мекеме бітімгершілік келісімін жасап, іскерлік қатынастарын сақтап қалды

30/05/2018

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ  Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан залалды өтеу есебіне 1 633 890 теңге өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Қостанайда апелляциялық сатының соты тараптардың татуласуына байланысты азаматтық істі қысқартты

30/05/2018

Қостанай облыстық соты аз кем он жыл созылған жанжалды реттеді.

Мүлiктi – жер телімін құрылыстарымен бірге бөгде бiреудiң заңсыз иеленуiнен сұратып алу туралы азаматтық іс бойынша талапкерлер бірінші саты сотының шешімімен келіспей, апелляциялық шағым берген.

Істі апелляциялық сатыда қарау барысында тараптарға дауды медиация жолымен реттеу ұсынылды. Олар көп ойланбай, татуласуға келісті.

Медиацияны жүргізу нәтижесінде жанжал жойылды. Сот тараптар арасында медативтік келісім жасады.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Атыраулық филиалында медиация бұрышы ашылды

30/05/2018

Атыраудың Халыққа қызмет көрсету орталығында медиация бұрышы ашылды.

Ашылу салтанатына облыстық соттың судьялары, Медиация орталықтарының медиаторлары және ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.

Өскеменде «Түнгі сот»пилоттық жобасын іске асыру аясында төртжақты меморандум бекітілді

30/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, ШҚО прокурорының орынбасары Виталий Шабер, ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары және ШҚО адвокаттар алқасының төрағасы Ботагөз Ахметжанова өзара  ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды.

Тараптар Меморандумды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша өзара ынтымақтастыққа мүдделігіне сүйене отырып жасасты.