Архив событий

31/05/2018

Оралда пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи тәсілдері талқыланды

31/05/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелерінің заманауи технологиялары, тетіктері мен ресурстары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға судьялар, Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігі департаментінің қызметкерлері, ҚАЖД, аймақтық арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Адам құқықтары және заңдылық сақтау бойынша бюросы» ҚБ облыстық филиалының басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында бір күнде үш істің қаралуы тараптардың татуласуымен аяқталды

31/05/2018

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бір күнде үш азаматтық іс бойынша дауды медиативтік тәртіппен реттеу туралы келісім бекітті.

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты екі талапкердің сот шешімімен жарамсыз деп танылған сатып алу-сату келісім шарты бойынша жауапкерден 4 590 000 теңге шығынды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырған. Жауапкер шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Сот риторикасы: сот төрелігіне сенімнің маңызды факторы

31/05/2018

Бүгін Жоғарғы Сотта «Сот риторикасы: оқыту және тәжірибе мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференция алғаш рет өтті. Форум Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен диалог жүргізуді үйренуі, ел тұрғындарымен түсінікті тілде сөйлесуді, жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызы мен нәтижесін түсіндіруді үйренуі тиіс деген тапсырмасы конференцияның негізгі арқауы болды.

Атырауда Жоғарғы Соттың судьясы Ә. Құрықбаевтың кітабы таныстырылды

31/05/2018

Атырау облыстық сотында Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаевтың алқабилер туралы кітабы таныстырылды.

Іс-шараға судьялар, прокуратура және ішкі істер органдарының,  сондай-ақ, облыстық әкімдіктің өкілдері қатысты.

Павлодар облысының соттарында татуласу кабинеттері ашылды

31/05/2018

Павлодар облыстық және қалалық соттарындағы татуласу кабинеттерінің ашылу салтанатына азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев және облыстық соттың судьясы Гүлнар Джаппарова қатысты.

Қостанай облысының МАЭС-інде медиация кабинеті таныстырылды

31/05/2018

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру аясында медиация кабинеті таныстырылды.

Іс-шараға Қостанай облыстық сотының судьясы Ағайша Нұрлұмбаева, судьялар, медиаторлар, Кәсіпкерлер палатасының, банктердің, Ауыл шаруашылығын демеу қорының, Аграрлық несие корпорациясының және коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.    

Астанада бизнесті сот арқылы қорғау мәселелері талқыланды

31/05/2018

Астана қаласының соты өңірдің «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, «Бизнесті сот арқылы қорғау» жобасын іске асыру аясында «Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Осы іс-шараға қалалық соттың судьясы Мараш Манабаева, МӘС-тің төрағасы Уәлихан Рахматуллаев, «Атамекен» өңірлік палатасының, Мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттерінің, ІІМ-нің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің, калалық ортаның сапасы мен бақылау басқармасының, сондай-ақ бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.