Оралда пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи тәсілдері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелерінің заманауи технологиялары, тетіктері мен ресурстары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға судьялар, Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігі департаментінің қызметкерлері, ҚАЖД, аймақтық арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Адам құқықтары және заңдылық сақтау бойынша бюросы» ҚБ облыстық филиалының басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша келе, облыстық соттың төрағасы Бек Әметов мемлекет Басшысы қойған басты міндеттердің бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі белгілінгенін хабардар етті. «Елімізде алдын алу, білім беру-тәрбиелеу және жазалау шараларының үйлесуін қарастыратын сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа үлгісі дайындалды. Адам үшін өмірлік маңызы бар мәселелерге қатысты заңнамалық актілер ауқымды тексеруден өтті, ережелері сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған жаңа заңдар қабылданды»,- деп, еске салып өтті ол.

Б.Әметов сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқаны және соттарда жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді  жоспар құрылғаны туралы айтып өтті. Ол, соттарда жемқорлықтың кез келген белгісіне «нөлдік» шыдам жағдайын жасау арқылы жемқорлықпен күреске судьялар мен қызметкерлерді, сонымен қатар қоғамды тарту туралы өз ойымен бөлісті. «Жемқорлық факторларын болдырмау мақсатында азаматтардың арыздарына, ұсыныстары мен шағымдарына уақытылы шара алу, судьялық корпус және сот қызметкерлі тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар туралы хабар алу үшін сенім телефоны (Call-орталығы) жұмыс жасайды»,- деді обыстық сот төрағасы.

БҚО Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігі департаментінің басшысы Болат Исақов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу субъектілері жемқорлық қауіптерін талдау нәтижелерінің мониторингін жүргізіп жатқанын және нақты органда жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында департамент бұндай мониторингті облыстың қылмыстық-атқару жүйесі саласында жазаларды орындау мекемелерінің сотталғандардың құқықтарын сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауына жүргізді. Оның айтуынша, мониторинг нәтижелері айрықша сипатты жемқорлық қауіптерін анықтап, оларды жою үшін тиісті ұсынымдар берілді.

Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов қылмыстық істер мен материалдарды бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу изоляторларында отырған сотталушылар мен тұлғаларды алдырмай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы қарайтын «Қашықтық сот процесі» жобасы туралы айтып берді. Оның айтуынша, бұл технология уақыт пен бюджет қаражатын үнемдеп, қауіпсіздіктің жалпы режимін сақтауға ықпал етеді. 2018 жылдың басынан бастап сот БКБ арқылы ҚАЖ-нің үш мекемесімен жазаны орындауға байланысты 169 ұсыныс қарады. Азаматтарға қызмет көрсетуде IТ-технологияларды пайдалану өзара әрекеттесуді ашық етеді және сот төрелігін  тиімді жүзеге асыруға  бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстың ҚАЖ департаментінің бастығы Дмитрий Кобцев баяндады.

«Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бойынша бюросы» ҚБ облыстық  филиалының директоры Павел Кочетков бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқықтарын сақтау туралы сөз сөйледі.

Конференция соңында облыстық соттың төрағасы Б.Аметов пен облыстың Агенттік департаментіның басшысы Б.Исақов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумды іске асыру аясында сот органдары сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңнама нормаларының бұзушылықтары фактілерін анықтап, кінәлі тұлғаларға қатысты жекеше ұйғарым (қаулы) шығару арқылы әрекет етудің ықпалды шараларын қабылдауды көздейді. Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда әдістемелік көмек көрсету және әрекеттесу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау  күтіледі.

Меморандумға қол қою мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің және мемлекеттік басқару мәселелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайларын, себептерін жою және төмендету бойынша бірқатар шараларды іске асыруға негіз болады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі