Орал қаласында әкімшілік істерді жедел қарау бойынша әрекеттестік туралы бесжақты Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша ынтымақтастық туралы бес жақты меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, облыс прокурорының м.а. Тәжіден Найманов, облыстың жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин, облыс бойынша адвокаттар алқасының төрағасы Ержан Қалиев және «БҚО Медиаторлар одағы» Қауымдастығының төрағасы Алуа Ракишева қолдарын қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты 18.00-22.00 сағаттар аралығындағы  азаматтардың қалаған уақытында әкімшілік істердің қаралуын көздейтін «Түнгі сот» пилоттық жобасының жүзеге асырылу болып табылады. Пилоттық жобада жол-көлік оқиғасы, ұсақ бұзақылық, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу бұзушылықтар бойынша істер қатысады.

Міндетті шарты ретінде құқық бұзушының және жәбірленушінің істің сотта сағат 18.00 - 22.00 уақыт аралығында қаралуына жазбаша түрде келісім беруі және хаттамада көрсетілген мән-жайларды дауламау болып табылады. Меморандумға қатысушылар қажет кезде әкімшілік іс жүргізуге прокурордың, адвокаттың және медиатордың қатысуын қамтамасыз етеді.

Жобаның тиімділігі уақыттың үнемдеуінен, дауды жедел шешуден және ЖКО-ның салдарын жоюдан тұрады, себебі істердің қарау мерзімдері 72 күннен 3 тәулікке дейін қысқарады және ЖКО бойынша сақтандыру төлемін аса тез алуға ықпалын тигізеді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі