Архив событий

24/05/2018

Таразда «Виртуалдық соттар» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр

24/05/2018

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ІІБ №1 полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп нақты уақыт режимінде бейнетарату арқылы әкімшілік істерді қарауға кірісті.

Мысалыға, сот БКБ арқылы жұбайын себепсіз былапыт сөздермен балағаттап, жанжал шығарған К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Судья бейнетарату арқылы процес қатысушыларын тыңдап, мүмкіндікті жібермей ерлі-зайыптыларға татуласуға құқығы бар екендігін түсіндірді.

Оралда ювеналдық сот 14 жасар сотталушыға қатысты қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты қысқартты

24/05/2018

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқартты.

Жасөспірім маршруттық автобуста қасында тұрған жігіттен қоңырау шалу үшін деген сылтаумен ұялы телефонын сұраған, өз иелігіне алған соң, телефонмен бірге қашып, нәтижесінде жәбірленушіге 40 000 тенге материалдық залал келтірген.

Елорданың Сарыарқа аудандық соты банктің тұтынушының құқық белгілейтін құжаттарын жоғалтқаны туралы дауда тараптарды татуластырды

24/05/2018

Б. 2007 жылы Банкпен банктік қарыз туралы шарт жасасқан. Осы шарт бойынша Банк оған 5 500 000 теңге қарыз берген.

Талап қоюшы, шарт бойынша қамтамасыз ету шарасы ретінде өзінің мүлкі – жер учаскесі бар тұрғын үйін ұсынған. Алайда, қарыз бойынша міндеттемелер орындалмағандықтан, сот Банктің пайдасына тұтынушыдан берешек сомасын өндірген.