Елорданың Сарыарқа аудандық соты банктің тұтынушының құқық белгілейтін құжаттарын жоғалтқаны туралы дауда тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Б. 2007 жылы Банкпен банктік қарыз туралы шарт жасасқан. Осы шарт бойынша Банк оған 5 500 000 теңге қарыз берген.

Талап қоюшы, шарт бойынша қамтамасыз ету шарасы ретінде өзінің мүлкі – жер учаскесі бар тұрғын үйін ұсынған. Алайда, қарыз бойынша міндеттемелер орындалмағандықтан, сот Банктің пайдасына тұтынушыдан берешек сомасын өндірген.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жылжымайтын мүлікке тыйым салынып, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті талап қоюшы банк алдындағы міндеттемелерін толық орындағандықтан кейіннен жарамсыз деп танылған сауда-саттыққа қойған.

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, мәміле жарамсыз деп танылған кезде әр тарап мәміле бойынша алғандарының бәрін басқа тарапқа қайтаруға міндетті. Алайда, іс материалдарынан байқалғандай, Банк жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтқан болып шықты. Бұл жағдай тиісті құжаттармен расталды. Сот Банкті әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Ал Б. жоғалған құжаттарды қалпына келтіру туралы Банкке талап қойып, сотқа арыз берді.

Дауды сотта қарау барысында тараптарға келіспеушілікті татуласу жолымен шешу ұсынылды. Осылай тараптар татуластырушы судьяның көмегімен медиациялық келісім жасасты. Оның шарттары бойынша Банк құқық белгілейтін құжаттардың теңнұсқаларын қалпына келтіру бойынша барлық қаржылық шығындарды және өкілдік шығындарды көтеруге, ал талап қоюшы қойған талабын кері қайтарып алуға міндеттенді.

Сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі