Архив событий

02/05/2018

Атырауда сотқа дейінгі татуласу кабинеттері ашылды

02/05/2018

Атырауда облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов пен облыстағы кәсіби медиаторлардың кездесуі өтті.

Кездесу барысында М.Бектұрғанов «Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасы шеңберінде Атырау қалалық сотының ғимаратында заманауи негізде жабдықталған кәсіби медиаторларға және сот медиациясына арналған кабинеттер дайындалғанын атап өтті.

Жамбыл облыстық соты кәсіби медиаторлармен кездесу өткізді

02/05/2018

Жамбыл облыстық соты кәсіби медиаторлармен, адвокаттармен, нотариустармен, білім беру басқармасының өкілдерімен, "Атамекен"  ӨКП, ХҚО, ХАТ, кәсіподақтармен, бизнес-қауымдастықтармен, студенттермен және жоғары және орта оқу орындарының сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу оқушылар, студенттер, азаматтар, бизнес-құрылымдар, жалпы барлық халықтар арасында медиацияны дәріптеуге бағытталған.

Павлодарда заңды тұлға мен дара кәсіпкер арасындағы дау сот медиациясы нәтижесінде қысқартылды

02/05/2018

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты зиянды өтеу есебінде дара кәсіпкерден 2 993 499 теңге өндіріп алу туралы ЖШС-нің талабын қарап қанағаттандырды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымын қарап, татуластыру рәсімін қолдана отырып, дауды реттеу мүмкіндігі туралы түсінік бере отырып тараптарға жүгінді. Медиацияның тиімділігін түсінген тараптар татуласуға келісті.