Архив событий

18/05/2018

Ақтөбе облысының МАЭСінде татуласу кабинеті ашылды

18/05/2018

Іс-шараға Ақтөбе облыстық соты төрағасының м.а. Қайырбек Елемесов, Судьялар одағы филиалының төрағасы Қанат Сембеков, судьялар, кәсіпқой медиаторлар мен адвокаттар, нотариаттық палата өкілдері қатысты.

Медиацияның негізгі артықшылығы - дауды тез шешу

18/05/2018

Мәмілеге келе білу - іскерлік, отбасылық және достық қарым-қатынастардың берік кепілі болып табылатын пайдалы машық, Бірақ, көп жағдайда адамдардың көңіл-күйі ақылдың алдында жүріп, оқиғаның әрмен қарай дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бұл жағдайда туындаған дауды шешуде құқықтық көмек туралы ойланған жөн. Осындай көмекті келіссөз жүргізу процессін меңгерген кәсіби медиатор немесе татуластырушы судья көрсете алады.

Медиацияның артықшылықтарын Денисов аудандық сотында қаралған азаматтық істің тараптары сезіне алды.

Елорданың Сарыарқа аудандық сотында екі ай жұмыс уақыт аралығында татуласу рәсімдері туралы 100 келісім жасалды

18/05/2018

«Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы Сарыарқа аудандық сотында ағымдағы жылдың 14 наурызында іске қосылды.

Сот төрағасының өкімімен татуластырушы судья ретінде Ақ-Тоты Әбдіқұлова тағайындалған. Оның ақпаратына сәйкес, 42 жұмыс күні ішінде (а.ж. 14 наурызы - 17 мамыры) татуласу рәсімдері туралы пилоттық жоба аясында Сарыарқа аудандық сотында 100 келісім бекітілді.

Осылайша, татуласу рәсімдерін қолдану 42 отбасын сақтауға мүмкіндік берді, ал 83 бала өз ата-аналарымен толық отбасында тұратын болады.