Архив событий

21/05/2018

Алматы облысының соттарында Құқықтық қызмет көрсету орталықтары іске қосылды

21/05/2018

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының шеңберінде «Құқықтық  қызмет көрсету орталығын» таныстырды.

Ашылу рәсіміне судьялар, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаментінің, өңірдің кәсіподақ орталығының, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының, Халықаралық құқық қорғау орталығының басшылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар және нотариустар қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында медиацияның көмегімен туған бауырлар татуласты

21/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық соты туған бауырлар арасындағы мүлікті ортақ бірлескен меншік деп тану, меншік құқығын анықтау туралы азаматтық дауды қарады.

Сот, анасы қайтыс болғаннан кейін ағайындылар мүліктің ½ үлесі бойынша мұра алғандарын анықтады. Жауапкер осы пәтерде тұрып, өзінің бауырымен мүлікті бөлу туралы келісімге қол жеткізе алмаған.

Бірінші сатының соты талапкердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Апелляциялық шағымда талапкердің өкілі соттың шешімін бұзып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады.