Бөлім туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі (бұдан әр – ІҚБ) облыстық, аудандық, және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінде тиісті аумақтық бөлімшелері бар (бұдан әр – жергілікті соттар)   Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әр – Департамент)  дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ІҚБ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

ІҚБ-нің құрылымын және штат санын заңнамада белгіленген тәртіпте Департамент Басшысы бекітеді.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың аумақтық бөлімшелері Департамент ІҚБ-не тікелей бағынышты дербес қызмет ретінде  жергілікті соттар кеңселерінің құрылымына енеді.

Өзінің қызметін ІҚБ заңдылық, құпиялылық, есептілік және тікелей бағыныштылық қағидаларында, белгіленген тәртіпте Департаменттің, жергілікті соттардың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

Бөлім мынадай бөлімшелерден тұрады:

- мемлекеттік құпияларды қорғау секторы;

- сот приставтары секторы;

- cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін ұйымдастыру секторы

 

ІҚБ негізгі міндеттері

 

- судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жоғарыда аталған адамдарға қатысты арандатушылық әрекеттер фактісіне қарсы іс-қимыл жасау;

- мемлекеттік немесе қызметтік құпиядан тұратын мәліметтердің тарап кетуін, тапсырылуын анықтау және оның алдын алу.

 

Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшылығы


 

Бөлім меңгерушісі – Ермагамбетов Тимур Муратбекович, жұмыс тел.71-01-94  

 

 

 

 

 

 


Бөлім меңгерушісінің орынбасары – Кожамуратов Тулеген Сатбекович, жұмыс тел.71-01-95