Ішкі бақылау бөлімі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Еліміздің сот жүйесіндегі  мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды  жүргізу қызметі  туралы

 

         «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде, 93-ші қадамға сәйкес 2015 жылдың қарашасында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы  қабылданды. 

      Еліміздің сот жүйесінде аталған  заңның мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты талаптарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)  Ішкі аудит бөліміне  жүктелген. Осы заңның  56-шы  бабына сәйкес,   бөлім қызметі ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады.  Сонымен       қатар,         басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  Төрағасына,  және  аппарат Басшысына  бағынышты, және есеп береді. Бөлім қызметінің құзыреті, заңның 15-ші бабында көрсетілгендей, қаржылық    есептілікке    аудит жүргізуге қатысады, мемлекеттік органы  қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді,  олардың ішкі процестерінің  тәуекелдерін басқару жүйесі арқылы,   ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады. Заңмен  белгіленген үшінші бағыттағы  құзіреті, бұл  -  сәйкестік аудитін жүргізу. Оның ішінде, мелекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізіп, тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді    жүзеге асырады. Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттiк аудитор болып табылатын мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүйесiнiң барлық қызметкерлерi 2017 жылдың қаңтар айына дейiн мемлекеттiк аудитор сертификатын      алуы         қажет. Сертификат алу үшiн екi кезеңнен өту керек. Бiрiншiден, бiлiктiлiк емтиханын тапсыру қажет. Екiншiден, сертификаттау жөнiндегi ұлттық   комиссияда  сұхбаттасудан  өтуi қажет. Яғни, сертификаттау тетiгi арқылы кәсiби даярланған және тиiстi әдеп, мiнез-құлық талаптарын  ұстанатын мемлекеттiк аудиторлардың жаңа корпусы қалыптасуда. Қазіргі таңда, біздің бөлімнің 70 пайызға жуық  қызметкерлері  аталған  сынақтан ойдағыдай   өтті.
         Жүргізілетін тиімділік және сәйкестік аудиттің нәтижелері,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №76 қаулысымен бекітілген ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес, аудиторлық есеп түрінде ресімделеді.  Аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудитор жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат. Сонымен қатар, аталған қағидалардың 126-шы тармағына сәйкес,   ішкі аудит нәтижелері туралы бірінші басшыға енгізілетін есепте, бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау,  қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) анықталған бұзушылық сомаларын есепке алу бойынша көрсету және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жолымен бұзушылықтардың жойылуы туралы шешімнің жобасын ұсынылады.

        Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп, оны бірінші басшы қараған және тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі. Мемлекеттік аудит объектісімен есепті қарастыру мерзімі,  мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есепте белгіленеді. Мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға жолдау,  заңда нақты көзделген. Қажет болған  жағдайда,  мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды. Осы орайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтардың түрлері,  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген сыныптауышында әрбір жеке жағдайдың ерекшелігін есепке алып, бұзушылықты жою тәсілдері қарастырылған.

         Аталған заң талаптарына сәйкес,  2016 жылға арналған сот жүйесіндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және аудит жүргізу мақсатында, қолданылатын тәуекелді басқару жүйесінің әдістемесі  мен  тәуекел критерийлерінің тізілімі әзірленіп,  оның негізінде  аталған тізбе, және жұмыс жоспары  әзірленеді. Мұнымен қатар, шұғыл ден қою тәуекел бейінінің тізілімі қалыптастырылды. Сонымен бірге, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамы анықталды,  оның  жұмысы  қалыптастырылған  Ережеге  сәйкес жүргізіледі. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында, Департаменттің Жергілікті соттардың және кеңселердің  қызметін ұйымдық-құқықтық  қамтамасыз ету бөлімінде және Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары  бойынша соттар әкімшілерінде сәйкестік және тиімділік аудиттері жаңа заң талаптарына сәйкес жүргізуі жоспарланып отыр.

         Қорыта келгенде, жаңа заңда  ішкі аудит  қызметінің мәні басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан ерекшеленеді, яғни - тексеру міндеттері шектелмей, қосымша  ретінде  жеткілікті кеңейтілген бірқатар өкілеттік берілген. Сөйтіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының жаңа заңы, еліміздің сот жүйесіне мемлекеттен  бөлінген қаржыны үнемді пайдалануға  қатаң бақылау жүргізіп, қаржылық басқару жүйесінің жұмысын бағалауға  толық  мүмкіншілік беріп отырғандығын атап өткен жөн.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы Соттардың қызметін

қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) 

Ішкі аудит бөлімінің  менгерушісі К.Б.Бейісов

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
File Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ішкі аудит бөлімінің 2018-ші жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі12.09.2018 18:02:43Support user16.13 KB
File Ішкі аудит бөлімінің 2017-ші жылдың жұмыс қорытындысы12.09.2018 18:02:43Support user15.69 KB
PDF icon 2015 жылғы 1-ші тоқсаның ішкі бақылау қорытындысы16.05.2015 13:11:46odmin12376.69 KB
PDF icon 2014 жылғы 1-ші жарты жылдық ішкі бақылау қорытындысы09.07.2014 11:38:33odmin123195.74 KB
File 2016 жылғы Ішкі аудит бөлімімен жүргізілген іс-шараладың қорытындысы09.01.2017 18:24:55odmin12316.16 KB
File ӨКІМ30.12.2019 17:01:09editor90.8 KB
Office spreadsheet icon 2020 жылғы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі30.12.2019 17:01:09editor40 KB
Office spreadsheet icon 2020 жылғы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (өзгерістермен)05.07.2020 15:26:16odmin12340 KB
File ӨКІМ24.11.2021 09:45:22odmin123117.04 KB
Office spreadsheet icon Ішкі аудит бөлімінің 2021 жылғы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі24.11.2021 09:45:22odmin12339 KB
PDF icon 2023 жылғы 29 маусымдағы №6 Кеңес хаттамасын ағымдағы жылдың 05.07.2023 16:28:01Павел309.82 KB