Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сыбайлас жемқорлықты жою-сот жүйесін реформалаудағы негізгі басымдықтардың бірі.

Судьялар мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың алдын алу міндеті Ішкі қауіпсіздік бөліміне (бұдан әрі – ІҚБ) жүктелген.

ІҚБ - бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) тек Жоғарғы Сот Төрағасына және Департамент басшысына бағынатын және есеп беретін дербес құрылымдық бөлімшесі.

ІҚБ-нің ІҚБ-не тікелей бағынатын соттар әкімшілерінің құрылымына кіретін тиісті аумақтық бөлімшелері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі.

Соттардағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаны кез келген нысанда беруге болады:

  • Жоғарғы Соттың Кеңсесіне

тел: +7(7172) 71-03-19, мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 39.

Соттарда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағысы келетін азаматтарды жеке қабылдауды ІҚБ қызметкерлері күн сайын жұмыс күндері сағат 09-дан 17-ге дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 39 мекенжайы бойынша жүргізеді.

ІҚБ туралы ереже

ІҚБ қызметкерлерінің тізімі және байланыс деректері

Аумақтық ішкі қауіпсіздік бөлімшелері басшыларының тізімі және байланыс деректері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсинг платформасы