Архив событий

10/05/2018

Жоғарғы Сот миллион теңге айыппұл салынған сотталғанды толығымен ақтады

10/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық соты 2016 жылдың ақпанында 48 жасар Нұржамал Нұрғалиева лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бала-бақшаның бұрынғы меңгерушісі миллионнан астам теңгеге (510 АЕК) айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған болатын. Сотта анықталғандай, балабақшаны басқарған Н.Нұрғалиева У.-ді оның өтініші бойынша жұмыстан босатып, оған еңбекақы мен зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастырған.

Қостанай облысының Кәсіподақтар кеңесінде медиация кабинеті ашылды медиации

10/05/2018

Ашылу салтанатына Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық сот судьясы Гаухар Сейдахметова, аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Екатерина Смышляева, медиатор Михаил Литошенко қатысты.

Татуластыру кабинетін ашудағы мақсат – халыққа дауларды, соның ішінде еңбек және коммуналдық шиеленістерді реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету.

Қызылорда қаласының №2 сотында бір күнде екі қылмыстық іс медиациялық келісімді қолдану арқылы аяқталды

10/05/2018

Жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жәбірленушіні қағып, абайсызда оның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірген көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылды.

 Сол күні А.-ның сеніміне кіріп, 100 000 теңгесін алған М.-ға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс те медиация тәртібімен аяқталды.

Павлодарда «Мектеп пен колледж – жанжалсыз аумақ» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

10/05/2018

Павлодар облыстық соты, облыс әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығы және білім беру басқармасы арасындағы келісім нәтижесінде 2017 жылғы 1-қарашадан бастап Павлодарда «Мектеп пен колледж – жанжалсыз аумақ» пилоттық жобасы өз жұмысын бастаған болатын.

Медиативтік келісім жасау талапкерге 1 миллион теңгеден астам баж сомасын қайтарып алуға мүмкіндік берді

10/05/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС басқа ЖШС-дан берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, елордалық компаниялардың арасында астаналық объектілердің бірінде жол төсемін орындау бойынша құрылыстық мердігерлік шарт жасалған. Оның талаптарына сәйкес жауапкер көрсетілген қызметті қабылдауға және уақтылы төлемақы жасауға міндеттеме алған.