Жоғарғы Сот миллион теңге айыппұл салынған сотталғанды толығымен ақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық соты 2016 жылдың ақпанында 48 жасар Нұржамал Нұрғалиева лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бала-бақшаның бұрынғы меңгерушісі миллионнан астам теңгеге (510 АЕК) айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған болатын. Сотта анықталғандай, балабақшаны басқарған Н.Нұрғалиева У.-ді оның өтініші бойынша жұмыстан босатып, оған еңбекақы мен зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастырған. Оны кейін өз шешімімен жұмсаған.

Жоғарғы тұрған соттар үкімді өзгеріссіз қалдыра келе, Н.Нұрғалиева кәсіпорынның қалыпты қызметі мен жұмыстан номиналды түрде босатылған жұмыскердің орнына қабылдануы мүмкін басқа тұлғалардың құқықтарын бұзып, мемлекетке 294 мың теңге сомасында материалдық шығын келтіру әрекеті салдарынан мемлекетке айтарлықтай залал келтірген деп көрсетті.

Сотталғанның сөзінше, алынған қаржыны ол тек бала-бақшаның қажеттілігіне (бала-бақшаның қазандығына құбырлар орнату, әк, бояу, линолиум және т.б. сатып алу) жұмсаған. Аталған шығын ғимаратты жөндеуге және мекемеде жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға қажет болған. Бала-бақша басшылығы білім басқармасынан бірнеше рет жүгінгенімен, аталған іс-шараларға бюджеттік қаражат болмауы себепті ақша бөлінбеген. Мұны аудандық білім бөлімінің бухгалтері мен басшысы растаған.

Н.Нұрғалиева сотта барлық шығындардың қайда жұмсалғаны жазылған дәптер мен түбіртектерді көрсетті. Мұның барлығы бала-бақшаның қажеттілігіне жұмсалған қаржылай шығынмен сәйкес келеді.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттардың құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудағы бірізділікті қамтамасыз ету, сотталғанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды. Қаулы сотталғанның пайдакүнемдік уәжімен басқаларға залал келтіру жоспарының болмағандығы ескеріле отырып қабылданды. Кәсіпорынның қалыпты қызметі мен басқа тұлғалардың құқықтарын бұза отырып, сотталғанның мемлекет мүдделеріне айтарлықтай залал келтіргендігі туралы тұжырымды негізсіз деп танылды.

Сотталғанның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі жүргізу тоқтатылды. Н.Нұрғалиеваға қылмыстық процесті жүргізген органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу құқығы түсіндірілді.

Екі жылға созылған сот талқылауларынан кейін әйелдің сотта өз пайдасына шешім шығатындығына қатысты үміті азайған болатын. Жоғарғы Соттың ақтау үкімін естігенде, ол өзінің таңданасын жасырмады. Қуаныштан еш нәрсе айта алмай, сот залында ешкімді байқамаған Нұржамал көзіне жас алып, қуаныштан айқалады...

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі