сот актілерінің күшін жойды

Жоғарғы Сот полиция қызметіне жала жапқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Шымкент тұрғынын ақтады

11/05/2018

Есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сатып алған, сақтаған және сатқан деген айып тағылған Шымкент тұрғыны Болат Жұмаділов қылмыстық істі қараған соттың алғашқы тыңдалымында оған сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер қызметкерлері физикалық және психикалық тұрғыдан рұқсат етілмеген әсер ету әдістерін қолданғанын мәлімдеді.   

Жоғарғы Сот миллион теңге айыппұл салынған сотталғанды толығымен ақтады

10/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық соты 2016 жылдың ақпанында 48 жасар Нұржамал Нұрғалиева лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бала-бақшаның бұрынғы меңгерушісі миллионнан астам теңгеге (510 АЕК) айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған болатын. Сотта анықталғандай, балабақшаны басқарған Н.Нұрғалиева У.-ді оның өтініші бойынша жұмыстан босатып, оған еңбекақы мен зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастырған.

Жоғарғы Сот үлескерлердің мүдделерін қорғап, «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС-нің оңалту рәсімін қолдану туралы арызын қанағаттандырусыз қалдырды

12/04/2017

Жоғарғы Сот «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС-нің арызы қанағаттандырылған және оған қатысты оңалту рәсімі қолданылған бірінші және апелляциялық сот сатыларының сот актілерінің күшін жойды.