Жоғарғы Сот полиция қызметіне жала жапқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Шымкент тұрғынын ақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сатып алған, сақтаған және сатқан деген айып тағылған Шымкент тұрғыны Болат Жұмаділов қылмыстық істі қараған соттың алғашқы тыңдалымында оған сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер қызметкерлері физикалық және психикалық тұрғыдан рұқсат етілмеген әсер ету әдістерін қолданғанын мәлімдеді.   

Осының нәтижесінде сотталған Ю.-дің есірткіні сатқаны туралы жалған мәлімет бергенін түсіндірді. Сот қаулысы бойынша жүргізілген тексеріс оның айтқан уәждерін растамады, соған байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылған. 

Кейінірек Шымкент қаласының Абай аудандық соты Б.Жұмаділовті Шымкенттегі тергеу абақтасында Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерін физикалық және психикалық тұрғыдағы рұқсат етілмеген әсер ету әдістерін қолдану арқылы қылмыстық іс бойынша кінәні мойындауға мәжбүрлеп, ауыр қылмыс жасаған деп жалған айыптағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұрынырақта тағайындалған жазаны ескерген сот оған 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, жеке мүлкін тәркілеу, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу жөнінде үкім шығарды. 

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Бас Прокурордың наразылығы бойынша қылмыстық істі қарады. Бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары істің нақты мән-жайымен сәйкес келмейді, заң дұрыс қолданылмаған, салдарынан кінәсіз тұлға сотталған деп танылды.

Б.Жұмадәловтің оған полиция қызметкерлері жәбір көрсетті деген мәлімдемесін көрінеу жалған ақпар беру деп тануға болмайды, себебі оның қылмыстық іс бойынша сотталушы мәртебесі оған өзінің қалауынша түсінік беру түрінде қорғану құқығын бергендігі аталып өтілді. Ол түсініктеме беруден бас тартуға, тергеушінің, анықтаушының, прокурор мен соттың әрекетіне шағым түсіруге, заңға қайшы емес өзге де тәсілдерді қолдану арқылы өзінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы болды. Алайда сотқа дейінгі тергеу органы осы талаптарды бұза отырып, Б.Жұмаділовтен оның жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескерту туралы өтінішін алып қойған. Сондықтан сотталушының өзіне жасалған азаптаулар туралы пікір түріндегі қорғану құқығын іске асыруы оны қылмыстық жауапқа тартуға заңсыз негіз болып табылмауы мүмкін.    

БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес  шағымды оны берген адамға немесе оның мүддесiне орай берiлген адамға нұқсан келтiруiне жол бермеуі тиіс.

Айтылғандарға сәйкес, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстар құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс жүргізуді тоқтата келе, Болат Жұмаділовке қатысты Абай аудандық сотының үкімінің күшін жойды. Б.Жұмаділовтің қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекетінен келтірілген залалды өндіріп алу құқығы бар.   

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі