Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімін Перизат Сәдуақас басқарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымға жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақасты таныстырды.

П.Сәдуақас Қарағанды облысында дүниеге келген.

 

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы, заңгер. Тарих ғылымдарының кандидаты.

4-ші санатты біліктілік сыныбы бар.

П.Сәдуақастың еңбек жолы:

2002-2009 жылдары Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназияның, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының оқу – клиникалық орталығының инспекторы;

2009-2017 жылдары Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің сарапшысы, ҚР Президенті Баспасөз қызметінің референті, сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, инспекторы, "М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;

2019-2024 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Серіктестік департаменті директорының орынбасары, директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) үздіксіз қызмет, Ұлытау облысы әкімінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Тегтер: