Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды
Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев Қарағанды облыстық сотының судьялары мен қызметкерлеріне Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Мирлан Қызыловты таныстырды.
Іс-шараға Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов қатысты.
Ж.Шәкиев М.Қызыловтың ішкі істер органдарындағы бай кәсіби тәжірибесін, білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.
Cпикер департаменттің жаңа басшысына бірқатар міндеттер қойып, оның облыс соттарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыруға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.