Архив событий

28/03/2024

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

28/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы ертең, 2024 жылы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

Сот отырысы тікелей эфирде өтеді.

Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

Әскери қызметші Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қайта қаралды

28/03/2024

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қару қолдану арқылы билікті асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен) айыпталған әскери қызметші Ж.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады.
 
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот әскери қызметшінің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтаған.