Сот Әкімшілігінің Басшысы Наиль Ахметзакировтің құттықтауы
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – Жаңа жылдың бастауы, жақсылықтың жаршысы.
Ұлыстың ұлы күні шаңырақтарыңызға ырыс пен ырыздық әкелсін.
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және отбастарыңызға амандық пен бақыт тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!