Шығыс Қазақстан облыстық соты

Жоғарғы Соттың судьясы Д.Әмір Семейде алқабилер соты институтын дамыту жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

22/02/2023

Семейде (Абай облысы) «Alikhan Bokeikhan Universitety» қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің базасында «Алқабилер соты. Шындықтар мен перспективалар» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жоғарғы Соттың судьясы Досжан Әмір, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Әділ Құрықбаев, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан судьялары мен ғалымдары, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың судьясы А.Рахметулин Өскеменде өткен ғылыми-практикалық форумде сөз сөйледі

17/02/2023

Шығыс Қазақстан облыстық сотында алқабилердің қатысуымен соттар қарайтын істердің санаттарын кеңейту жөнінде ғылыми-практикалық форум болып өтті.

Форум жұмысына судьялар, жоғары оқу орындарының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Сот әкімшілігінің, Сот төрелігі академиясының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, облыс әкімдігі аппаратының, прокуратурасының, адвокаттар алқасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында 17 сот фронт-кеңсесі ашылды

31/12/2019

Өскеменнің мамандандырылған әкімшілік сотында фронт-кеңсе ашылды. Ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және әкімшілік соттың төрағасы Сайран Ибраев қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік істердің ең көбін қарайды. Өткен кезеңде осындай істердің саны 12 мыңнан асты. Фронт-кеңсенің ашылуы дер кезінде іске асқан әрі қажетті шешім болды. 

Шығыс Қазақстан облыстық соты банктермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26/12/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «АТФ Банк», «Форте Банк» және «Еуразиялық банк» АҚ филиалдарының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шара «Банк қарызы шарттарынан туындайтын дауларды  сотқа дейін  реттеу» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Өскемен қалалық сотына барды

24/12/2019

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Өскемен қалалық сотында жұмыс істеп жатқан фронт-кеңсеге, құқықтық қызмет көрсету секторына, отбасылық кеңес беру, медиация және татуласу кабинеттеріне барды. Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков қатысты.

Қазақстан судьяларының делегациясы Татарстанға барды

18/12/2019

Делегация құрамында Жоғарғы Сот судьясы Бауыржан Жұмағұлов, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, судьясы Елдос Жұмақсанов, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген болды.

Шығыс Қазақстан соттарының төрағалары психологиялық тренингтен өтті

09/12/2019

Шығыс Қазақстан облыстық соты аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары үшін «Соттар жұмыстарының тиімділігін арттыру шарттары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Семинар-тренингті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің инклюзивті білім беру үйлестірушісі Жанар Смаилова жүргізді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында "Банк омбудсманы" пилоттық жобасын іске асыру тетігі әзірленді

20/11/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков "Банк омбудсман" жобасын жүзеге асыру тетігін талқылау бойынша "дөңгелек үстел"өткізді.

Талқылауға Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Банк Омбудсманы Ерсерік Сиырбаев, судьялар, банк филиалдарының басшылары мен заңгерлері, адвокаттар, сақтандыру компанияларының, коллекторлық агенттіктердің өкілдері және медиаторлар қатысты.         

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков азаматтарды қабылдады

09/10/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков «TrueConf» мобильдік қосымшасы және бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтарды қабылдады.

«TrueConf» алыстағы аймақтағы азаматтарға сот ғимаратына келмей-ақ гаджет арқылы облыстық соттың төрағасымен нақты уақытта байланысып, қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Төраға аудандық және қалалық соттардың ғимараттарына келген азаматтарды бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы тыңдады.

Беттер