Жоғарғы Сот әскери қызметшінің құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тұрғын үй комиссиясы әскери қызметшіні тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке қоюдан бас тартқан. Жергілікті соттар оның талап қоюын қанағаттандырмаған. Әйел жоғарғы сотқа жүгінді (6001-23-00-6ап/2390).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «КИК» АҚ-мен жалдау шарты бойынша талап қоюшыға кейіннен сатып алу мүмкіндігімен уақытша иелену және пайдалану үшін 2016 жылы екі бөлмелі пәтер берілген. Жалдау мерзімі – 20 жыл. Оған пәтер алған кезден бастап бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері түспеген.

Талап қоюшы өзін тұрғын үйге мұқтаж ретінде тану туралы 2016, 2019, 2020 және 2022 жылдары бірнеше рет баянхаттармен жүгінген. Тұрғын үй комиссиясы төлемді төлеуден бас тартуларына ол мемлекеттік қордан алынған тұрғын үйді пайдалана алады деген уәж келтірген.

Кассация талап қоюшыға сатып алу құқығымен жалға берілген пәтердің «КИК» АҚ-ның жеке меншігінде екенін анықтады. Пәтерді сатып алу жөніндегі міндеттемелер осы уақытқа дейін орындалмаған.

Бюджет қаражатына жалға берілетін пәтердің құрылысы оны жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кәсіпорындардың немесе мекемелердің қарамағына беруге әкеп соқпаған.

Сондықтан аталған пәтерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй деп санауға болмайды.

Заңда тұрғын үй төлемдерін алушы жеке арнайы шоттағы ақшаны тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алу арқылы тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу мақсатында пайдаланады деп көзделген. Тиісінше, талап қоюшыға төлеуден бас тартылған тұрғын үй төлемдері, оның ішінде кейіннен сатып ала отырып, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге арналған.

Жергілікті соттардың тараптардың құқықтық қатынастарын қате бағалауы және қолдануға жататын материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауы даудың дұрыс шешілмеуіне әкелген. 

Әкімшілік алқа іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды.

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі