Елордада судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қысқы спартакиадасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот, Судьялар одағының Астана қалалық филиалы және Астана қаласы сотының ұйымдастыруымен судьялар мен сот қызметкерлерінің дәстүрге айналған қысқы спартакиадасы өтті. Ұйымдастыруға Astana Ski Club-ның басшысы Александр Пилипенко мен шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық санаттағы төрешісі Владимир Шевчук қолдау көрсетті.

Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов және шаңғы жарысы бойынша ҚР ұлттық санаттағы төрешісі Владимир Шевчук сәттілік тіледі.

Өз сөзінде А.Мерғалиев бұл турнир әріптестердің салауатты өмір салтына деген ұмтылысын нығайта түсетініне сенім білдірді.

Аязды күн спорттың қызығы мен ынтасын арттыра түсті: жарысқа қатысушылардың барлығы жеңіске жетуге бекінді.

Шаңғы жарысында елордалық соттардың 50-ге жуық судьясы мен Сот әкімшілігінің қызметкерлері өзара сынға түсті.

Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары мыналар:

 

- ер судьялар арасындағы 2,5 шақырымдық жарыста

1 орын – Айдос Ордабаев, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы,

2 орын – Кемеңгер Имашев, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы,

3 орын – Дамир Абдугалиев, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

 

және ер мамандар:

1 орын – Нұртас Мәулетқали,

2 орын – Айбек Аманбаев,

3 орын – Әлібек Сармағамбет.

 

 

- әйел судьялар арасындағы 1 шақырымдық жарыста

1 орын – Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Мадина Дәулетова,

2 орын – Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әйгерім Өмірбаева,

3 орын – Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлназа Төлеуханова

 

  • және әйел мамандар:

1 орын – Малика Аманжолова,

2 орын – Мейрамгүл Әбілханова,

3 орын – Майра Әсенова.

 

Жеңіске деген ерік-жігері үшін тергеу және азаматтық істер жөніндегі соттың судьялары Георгий Моисеев пен Досжан Жұмаев марапатталды. Көрермендер көзайымы сыйлығы - Экономикалық сот төрағасы Жандос Жетібаевқа берілді. Арайлым Рахметтулаева үздік жанкүйер атанды.

Арқан тартыс, эстафеталық бәсеке, доппен ойнау, гир көтеру және қол күресінен де жарыстар тартысты өтті.

 

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі