Архив событий

29/05/2018

Орал қаласында әкімшілік істерді жедел қарау бойынша әрекеттестік туралы бесжақты Меморандумға қол қойылды

29/05/2018

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша ынтымақтастық туралы бес жақты меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, облыс прокурорының м.а. Тәжіден Найманов, облыстың жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин, облыс бойынша адвокаттар алқасының төрағасы Ержан Қалиев және «БҚО Медиаторлар одағы» Қауымдастығының төрағасы Алуа Ракишева қолдарын қойды.

Қазақстандық делегация Латвияда оқудан өтті

29/05/2018

Ағымдағы жылғы 21-25 мамыр аралығында Рига қаласында (Латвия Республикасы) Қазақстанның жергілікті соттарының судьяларына, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдеріне арналған оқу семинары өтті.

Семинар бағдарламасы «Сот төрелігінің жеті түйіні» атты Жоғарғы Соттың басым бағдарламаларының қажеттілігіне барынша бағдарланған.