Архив событий

03/05/2018

Сот медиативтік келісімді бекітіп, талап қоюшыға 700 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын қайтарды

03/05/2018

Арыс аудандық сотына талап қоюшы Б. жауапкер ЖШС-ден 70 миллион теңге қарызды өндіру туралы арызбен жүгінген.

Тараптардың арасында жасалған қарыз шартына сәйкес, ЖШС Б.-дан 70 миллион теңгені қарызға алған. Қарызын қамтамасыз ету үшін жауапкер арнайы техникаларды кепілдікке қойған. Қарызды қайтару мерзімі өткеніне қарамастан, жауапкер өз міндеттемелерін орындамаған.

Шығыс Қазақстан облысы: сотта және соттан тыс татуласу

03/05/2018

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңірдің соттарында қаралған істер саны өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 300 іске қысқарған. Бұл татуласу рәсімдерін дәріптеу бойынша облыстық сот жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Астананың тұрғыны құрылыс компаниясымен медиативтік келісімге келді

03/05/2018

Астаналық қаласының Есіл аудандық сотына астаналық құрылыс компанияларының бірінен моральдық залал өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызбен Г.  жүгінген.

Талапкердің жұбайы жұмыс орнында автомобильге ағымдағы жөндеуді орындай жүріп, өмірімен үйлеспейтін жарақат алған. Г. өзінің талап арызында жұбайының қайтыс болуына байланысты қатты күйзеліске түсіп, моральдық қайғы-қасірет шегіп, денсаулық жағдайының нашарлағанын жазған.

Алматы қалалық сотының төрағасы соттар жұмысымен танысты

03/05/2018

Сот тиімділігін және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Алматы қалалық соты Жоғарғы Сотының басым міндеттерінің аясында ақпан айында «Мінсіз сот» атты пилоттық жобаны іске қосты.

Пилоттық жобаға Алматы қаласындағы Медеу, Бостандық аудандық соттары, №2 Медеу аудандық (қылмыстық істер жөніндегі) соты және № 2 Бостандық аудандық (қылмыстық істер жөніндегі) соты қатысуда.

Аталған соттарда Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов, судья Қадиша Әбсиметова және соттар әкімшісі Данияр Қырықбаев болды.