Сот медиативтік келісімді бекітіп, талап қоюшыға 700 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотына талап қоюшы Б. жауапкер ЖШС-ден 70 миллион теңге қарызды өндіру туралы арызбен жүгінген.

Тараптардың арасында жасалған қарыз шартына сәйкес, ЖШС Б.-дан 70 миллион теңгені қарызға алған. Қарызын қамтамасыз ету үшін жауапкер арнайы техникаларды кепілдікке қойған. Қарызды қайтару мерзімі өткеніне қарамастан, жауапкер өз міндеттемелерін орындамаған.

Алдын ала сот отырысы барысында судья тараптарға бітімгершіліктің артықшылықтарын түсіндіріп,  дауды татуласу рәсімдері жолымен шешуді ұсынды. Тараптар ойласа келе, медиацияның тиімділігін түсініп, медиативтік келісімді бекіту туралы өтінішхат түсірді.             

Соттың ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, оның талаптары бойынша ЖШС арнайы техника түріндегі жылжымалы мүліктерін үш күн ішінде талап қоюшыға беру жолымен қарызын төлеуге міндеттеме алды, ал Б. арызын кері қайтарып алды.

Медиативтік келісімге келудің нәтижесінде талап қоюшыға мемлекеттік баж салығы ретінде төленген 700 000 теңге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі