Дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы минералды-шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» ММ-нің жауапкер «Central Asia Mining Cо» ЖШС-нен 5 280 000 теңге көлеміндегі қарыз сомасын, 528 000 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі сотта қарау барысында тараптар келісімге келіп, судья-медиатордың қатысуымен дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Келісімге сәйкес, жауапкер медиация келісімімен бекітілген сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде 5 280 000 теңге қарыз сомасын өтеуге міндеттенді.

Тараптарға ҚР АПК-нің 48, 194-бабының 6-тармағы, 277 және 179, 180-баптарының медиативтік келісім бекітудің талаптары түсіндірілді.

Төленген 174 240 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі