Архив событий

27/04/2018

Республика сот органдарының ғимаратында келушілерді өткізу режимінің жаңа қағидалары қолданысқа енді

27/04/2018

«Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (Қағида) бекіту туралы» Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді.

Шығыс Қазақстанда 22 судья кәсіби медиатор сертификатын иеленді

27/04/2018

Шығыс Қазақстан облыстық, өңірдегі аудандық және оған теңестірілген соттардың 22 судьясы кәсіби медиаторлар курстары аясында «Альтернатива» құқық және медиация орталығында даярлықтан өтті.

Оқыту «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша дәрістік және тәжірибелік сабақтар түрінде өткізілді. Даярлықтың мақсаты – сот медиациясы институтын одан әрі дамыту және дауды реттеу рәсімдерін белсенді қолдану дағдыларын жетілдіру.

Курстың бағдарламасы 50 академиялық сағатты құрады.

Таразда сот ұрлыққа оқталу бойынша қылмыстық істі қарауды медиация тәртібімен аяқтады

27/04/2018

К. пайдакүнемдік мақсатында ескі қазандық ғимаратына заңсыз кіріп, ол жерден түрлі-түсті металдарды жасырын ұрламақшы болған. Алайда бөтен дыбысты байқаған ғимарат күзетшілері К.-ні қылмыстық ойын соңына дейін жеткізбей ұстаған.