Архив событий

18/04/2018

Оңтүстік Қазақстан облысында сот тараптарға дауды бейбіт жолмен шешуге көмектесті

18/04/2018

Шымкент қаласының Абай аудандық соты азаматтар арасындағы қарызды, сыйақыны, өкілдік ету шығындары мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алу туралы азаматтық дауды қарады.

Тараптар сотқа ұзақ текетірестен шаршаған және ашулы жағдайда келді.

Оралда сот тұрғын үй комиссиясының пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту шешімін заңсыз деп таныды

18/04/2018

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық № 2 соты қала тұрғынының Орал қаласының әкіміне, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және тұрғын үй инспекциясына қойған талап арызын қанағаттандырып, пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды.

Ақмола облыстық соты МҚІА департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18/04/2018

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.