Оңтүстік Қазақстан облысында сот тараптарға дауды бейбіт жолмен шешуге көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық соты азаматтар арасындағы қарызды, сыйақыны, өкілдік ету шығындары мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алу туралы азаматтық дауды қарады.

Тараптар сотқа ұзақ текетірестен шаршаған және ашулы жағдайда келді.

Сот талқылауы барысында сот тараптарға дауды бітімгершілік рәсімдерді қолдану құқықтарын пайдаланып, сол арқылы істі бітіруге болатынын түсіндірді. Сонымен бірге, бітімгершілік келісім жасау мен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен және партисипативті келісіммен реттеудің артықшылықтары мен салдары туралы толық ақпарат берілді.

Дауласушы тараптар көп ойланбады. Татуласудың тартымды әрі ыңғайлы жақтарын білген соң, тараптар сотқа дауды бейбіт келісімді бекіту жолымен шешу туралы бірлескен өтінішхат ұсынды.

Нәтижесінде, сот ұйғарымымен тараптар арасындағы бейбіт келісім бекітіліп, оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты. Ал жауапкер, өз кезегінде талап арызды мойындап, келісім бойынша 4 600 000 теңгені (қарыздың негізгі сомасы) ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін қайтаруға міндеттенді. Сонымен қатар, қарыздың қайтарылғаны тиісті қолхатпен ресімделетін болады.       Іс  жүргізу тоқтатылды.

Осылайша, татуласудың нәтижесінде тараптар соттасудың ұзаққа созылуынан, іссапар шығындарынан және мемлекеттік баж салығын төлеуден құтылды. Сонымен бірге, бұл жолғы бейбіт келісім бекітудің артықшылығы деп талап қоюшыға 78 000 теңге көлеміндегі  мемлекеттік  баж салығының  кері қайтарылуын айтуға болады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі