Архив событий

25/04/2018

Астана қаласында «Қазақстанда әкімшілік әділеттің жан-жақты дамуы» тақырыбында халықаралық семинар өтті

25/04/2018

Қазақстанның Жоғарғы Соты Әділет министрлігімен бірлесіп, ЭЫДҰ-ның Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасының қолдауымен «Қазақстанда әкімшілік әділеттің жан-жақты дамуы» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.    

Оның жұмысына Қазақстан, Польша, Германия сот жүйесінің, ғылыми қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдардың өкілдері мен ЭЫДҰ-ның халықаралық сарапшылары қатысты.

Қостанайда сақтандыру төлемақысын өндіру туралы арыз медиация арқылы шешілді

25/04/2018

Қостанай қалалық сотында Д. «Нұрполис» сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемақысының қалған сомасын өндіру туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, шағымданушы көлігімен Х-ның автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік апатына ұшыраған. Жол-көлік оқиғасына айыптының жауапкершілігі жоғарыда аталған сақтандыру компаниясында сақтандырылған. Осының нәтижесінде автокөлікке залал келтірілген.