Архив событий

06/04/2018

Шығыс Қазақстан облысының Құқықтық көмек көрсету секторларына мыңнан астам азамат жүгінді

06/04/2018

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Өскемен және Семей қалаларының соттарында Құқықтық көмек көрсету секторлары ашылған болатын.   

Секторлар адвокаттармен, медиаторлармен, нотариустармен және  «Азаматтарға арналған Үкімет»  ҰАҚ филиалының мамандары көрсететін барлық құқықтық қызмет түрлерін азаматтарға ақысыз ұсынуға бағытталған.

Соттың бекітілген маманы азаматтарға қызметтерді таңдау мәселелерін үйлестіреді, «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде өтініштер беруге көмек көрсетеді.

Сот актілерін дұрыс түсіндіру мақсатында республика соттарына судьяларды оқытуды ұйымдастыру тапсырылды

06/04/2018

Ағымдағы жылғы 16 наурызда жоғары сот органының жалпы отырысында Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Аталған нормативтік қаулы екі негізгі бағытты қамтиды: жарияланған сот шешімін түсіндіру және нормативтік қаулыда көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілерін шығару. Осылайша, судьялар неғұрлым түсінікті сот актілерін шығарады деп күтілуде.