Сот актілерін дұрыс түсіндіру мақсатында республика соттарына судьяларды оқытуды ұйымдастыру тапсырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 16 наурызда жоғары сот органының жалпы отырысында Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Аталған нормативтік қаулы екі негізгі бағытты қамтиды: жарияланған сот шешімін түсіндіру және нормативтік қаулыда көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілерін шығару. Осылайша, судьялар неғұрлым түсінікті сот актілерін шығарады деп күтілуде.

Нормативтік қаулының қолданылуын қамтамасыз ету шеңберінде соттарға судьялар үшін тиісті оқыту семинарларын ұйымдастыру тапсырылды.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі