Республика сот органдарының ғимаратында келушілерді өткізу режимінің жаңа қағидалары қолданысқа енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (Қағида) бекіту туралы» Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді.

Қағидаларды әзірлеу кезінде «Үлгілі сот» жобасын қоғамдық талқылау шеңберінде судьялардан, адвокатура және Сот репортерлерінің гильдиясынан келіп түскен ұсыныстар ескерілді. Қағидаларды қабылдауға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында соттарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану ықпал етті. 

Қағида келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді.

Осы Қағидаларға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз – күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, соттардың фронт-офистері. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болады.    

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне-, кино- және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие. Осы құрылғыларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья процестік заңдарға сәйкес шешеді. 

Қағидалардың толық нұсқасымен осы жерде таныса аласыздар.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі