пленардық отырыс

Сот актілерін дұрыс түсіндіру мақсатында республика соттарына судьяларды оқытуды ұйымдастыру тапсырылды

06/04/2018

Ағымдағы жылғы 16 наурызда жоғары сот органының жалпы отырысында Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Аталған нормативтік қаулы екі негізгі бағытты қамтиды: жарияланған сот шешімін түсіндіру және нормативтік қаулыда көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілерін шығару. Осылайша, судьялар неғұрлым түсінікті сот актілерін шығарады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында тергеу судьяларының жұмыстарына баға берілді

17/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов облыстық соттың төралқа  отырысын өткізіп, тергеу судьяларының жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, олардың судьялық өтілі мен кәсіби біліктілігіне  баға  берілді.

Форум жұмысына шалғай аудандарында орналасқан соттардың тергеу судьялары бейнеконференц  байланыс  арқылы  қатысты.

А.Смолин: «Судьялардың сауатты, кәсібилігі жоғары болған жағдайда ғана сапалы сот төрелігі мен заңдарды дұрыс қолдануға қол жеткізуге болады»

06/01/2017

Алматы облыстық сотында облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрғалары мен судьяларының бос орындарына орналасу үшін жарияланған конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды талқылау бойынша жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысты.

Жоғарғы Сот бірқатар нормативтік қаулыларды қабылдады

22/12/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта Қ.Мәмидің төрағалығымен кезекті жалпы отырыс болып өтті.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық кеңестің, Бас прокуратураның, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында нормативтік қаулы жобасы мен ғылыми-консультативтік кеңестің жаңа құрамы мақұлданды

20/05/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысын өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері қатысты. Мүдделі мемлекеттік органдар атынан – Бас прокурордың орынбасары А.Кравченко, Конституциялық кеңес мүшесі У.Шапақ қатысты.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы талқыланды

31/03/2016

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысты өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

Жалпы отырыстың күн тәртібінде «Соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы мен Сот жюриінің регламентін бекіту туралы екі мәселе қаралды.