А.Смолин: «Судьялардың сауатты, кәсібилігі жоғары болған жағдайда ғана сапалы сот төрелігі мен заңдарды дұрыс қолдануға қол жеткізуге болады»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрғалары мен судьяларының бос орындарына орналасу үшін жарияланған конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды талқылау бойынша жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысты.

А.Смолин өз сөзінде: «Елбасы судьялардың VII Съезінде алға қойған негізгі міндеттердің бірі лайықты судьялар корпусын қалыптастыру болып табылады. Судьялардың сауатты және кәсібилігі жоғары болған жағдайда ғана сапалы сот төрелігі мен заңдарды дұрыс қолдануға қол жеткізуге болады»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ облыстық сот төрағасы М.Таймерденов: «Мемлекет тарапынан сот жүйесінің кадр мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Оған Ұлт жоспарының 17 қадамы арналып, соған сәйкес судьялыққа кандидаттардың біліктілік талаптары жоғарлатылып, іріктеу тетіктері қатайтылды»,- деп ерекше айтып өтті.

Жалпы отырыс қатысушылары Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеспен бос орындарға орналасудың конкурсына қатысатын 18 кандидатты қарау нәтижелерін талқылады.

Талқылау нәтижесі бойынша барлық кандидаттар оң қорытынды алды.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі