Архив событий

30/01/2017

Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқыланды

30/01/2017

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша Көкшетау қаласы прокуратура өкілдері, Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары және жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Кездесуде әділет органдары және жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасына электронды атқарушылық құжаттарды жолдау және тіркеу барысында туындайтын бірқатар сұрақтар  талқыланды.

Арқалықта ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау шағымы бойынша азаматтық іс тараптардың бітімгершілікке келуімен тоқтатылды

30/01/2017

Республикалық «Время» газетінің өткен жылдың 12 шілдесіндегі санында жарық көрген «Дело пахнет соляркой» атты мақалада келтірілген мәліметтер арқылы өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілді деп санаған Б.-тың М.-қа қатысты шағымы бойынша азаматтық іс сотта тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталды.

Жамбыл облысының судьялары БАҚ-ты облыс соттарының 2016 жылдағы жұмыстары жайында ақпараттандырды

30/01/2017

Жамбыл облыстық сотының алқа төрағалары Жомарт Рүстембеков және Нұрмахаммат Абидов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Сыздықова, Судьялар Одағы облыстық филиалының төрайымы Тахмина Сұлтанова БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

Облыстың алқа төрағалары 2016 жылдағы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.