Архив событий

18/01/2017

Екібастұз қалалық сотымен алиментке баланың құқығы қалпына келтірілді

18/01/2017

Азаматша  А. атқарушылық іс жүргізуді қысқарту бойынша Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының әрекетіне шағыммен сотқа жүгінді, өзінің талабын 2016 жылдың 02 қыркүйегінде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысу барысында оған 2015 жылдың 17 маусымындағы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы табыс етілді. Атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы өтініш сот орындаушының айтуымен жазылды.

Сарыарқа аудандық сотында электрондық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері талқыланды

18/01/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары К.Елибаев, Жоғарғы Сотының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі С.Омаш, Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысы Р.Тауымбеков, сот төрағасы А.Жүкеновтың және  сот судьяларының қатысуымен электронды сот ісін жүргізуге көшу мәселелері талқыланды.

Жоғарғы Сот Төрағасы Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

18/01/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хайсам Ибрагиммен кездесті.

Кездесу барысында Қ. Мәми екі елдің арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенім жағдайанда дамып отырғанын атап өтті. Египет Қазақстанның Солтүстік Африкадағы басты серіктестерінің бірі болып табылады.